fbpx

Қайдағы латиницаны…

Қазақ қоға­мын­да латын қар­піне көшу тура­лы пікір­та­лас жалға­су­да. БАҚ бетін­де­гі көп­те­ген мақа­ла­лар мен сұқ­бат­тар бұған дәлел. Осы мәсе­ле­ге орай оқыр­ма­ны­мы­здың пікірін жари­я­лап отыр­мыз. Әлем тіл­дерінің қата­ры­на әлі қосыл­маған қазақ тілі үшін латын қар­піне көшудің пай­да­сы­нан зия­ны көп, деп есеп­тей­ді ол.

Автор: Нам пишут

« Лати­ни­ца­ға көшу — кеса­патқа ұшы­рау

Қай­ыр­шы сая­сат­кер­лер­сы­мақтар пай­да­сын табу үшін ана тілі­мізді де сатуға әзір. Сонау оты­зын­шы жыл­дар­дан бері кирил­ли­ца­да жазы­лған қазақ еңбек­тер, мақа­ла­лар, кітап­тар — қалып­тасқан дүние, ұлт­тық бай­лық. Әлі­п­би өзгер­ту тек қана сау­ат­ты адам­дар­дың саны аз халы­қтар үшін жара­са­ды. Өйт­кені, сау­ат­сыз ада­мға бәрі бір қан­дай әлі­п­биіне үйре­ну.

Лати­ни­ца­ға тая­у­да көш­кен өзбек­тер мен түрік­пен­дер аң-таң: жастар Кеңес Одағын­да жазы­лған еңбек­тері­нен бей­мәлім, кәрілер жаңа туын­ды­лар­дан шорқақ. Сыр­тқы күш­тер­дің, әлде жер­гілік­ті топас­тар­дың баста­ма­сы ма бей­мәлім, бірақ лати­ни­ца­ны енгі­зу ара­мы­зға жік сал­мақ. Кирил­ли­ца­да шыға­ры­лған мың­даған оқулы­қтар, энцик­ло­пе­ди­я­лар­дың лати­ни­ца­ға ауда­ры­лған­нан Құл­мұ­хам­мед сияқты базар­ком­дар ғана пай­да­сын көреді. Ауыл­дағы Мырқым­бай «Myrqymbai» деп атал­са да, баяғы аяны­шты қал­пын­да қал­мақ.

Істе­ме­гені осы еді! Әлем­де­гі жетек­ші тіл­дер­дің қата­ры­на әлі қосыл­маған ана тілі­міз­ге қар­сы алар­ман әкім­сы­мақтар мен дүм­ше линг­ви­ст­тер бәле бағып тұр. Соңғы жет­піс жыл ішін­де, кирил­ли­ца­мен жазы­лған қазақ тілін­де­гі әде­би мен ғылы­ми қоры қалып­тасқан. Халқы­мы­здың басым көп­шілі­гі осын­дай әлі­п­би­ге дағ­ды­ланған. Енді, бүй­рек­тен сирақ шыға­рып лати­ни­ца­ға көш­сек, мың­даған кітап­та­рын кирил­ли­ца­дан ауда­руға тура келеді. Оқу­шы­лар­дың шақа­дай басы шара­дай бол­мақ. Ал, осын­дай өзгеріс «Атамұра»-ның қал­та­сын тығын­дай­ды, Құл-Мұхам­мед­тің сыбай­ла­ста­рын мәз етпек.

Қай­дағы лати­ни­ца­ны кел­тіріп тұр­сыз, егер тіп­ті кирил­ли­ца­дағы жаз­ба­ша тілі­міз шикілеу. Мыса­лы, кей­біре­улер «сұх­бат» жаза­ды, ал бәз­біре­улер «сұқ­бат» дей­ді. Бол­га­ри­ядан кел­ген кирил­ли­ца­ны сүр­гін­ге салған­нан гөрі, Ресей­дің бюро­кра­ти­я­лық ұғым­дар­дан ана тілі­мізді тазар­ту керек. Ана тілі­міздің шынайы жан­күй­ер­лер оның лек­си­ка­лық қорын­дағы оғаш естілетін сөз­дерін алып тастар еді. Мыса­лы, «дәрет­ха­на», «зиратха­на», «расыт­ха­на», «мей­рам­ха­на», «ауру­ха­на» секіл­ді пер­сизмдер қазақ тілінің сәнін кетіреді. Олар­дың орны­на халы­қа­ра­лық сөз­дерін енгі­зу керек неме­се әде­мі естілетін қаза­қи бала­ма­ла­рын ойла­сты­ру қажет. Ресми қол­да­ны­стағы ұғым­дар­дың біра­зын тазар­ту жөн. Мәсе­лен, Ресей импе­рия мен Кеңес одағы­ның бюро­кра­ти­я­лық қал­ды­қта­рын ретін­де неше түр­лі кең­се ұғым­дар күні бүгін­гі дей­ін пай­да­ла­ну­да. «Судья», «пол­ков­ник», «ведом­ство», «отстав­ка» және тағы басқа халы­қа­ра­лық емес зат есім­дер қазақ тілінің лек­си­ка­лық қорын­ның құра­мын­да тұр­пайы боп естіледі. «Судья» орны­на «қазы-би», «төре» сияқты ұғым­да­рын пай­да­ла­нуға болар. «Прапорщик»-ті «байрақшы»-мен ауы­сты­руға тура келеді. Өйт­кені, «пра­пор­щик» деген атағы «enseigne» («бай­рақ­шы») фран­цуз әске­ри атағы­ның дәл­ме-дәл аудар­ма­сы.

Гру­зия, Арме­ния, Үндістан, Қытай, Жапо­ния, Гре­кия мен басқа көп­те­ген мем­ле­кет­тер лати­ни­ца­ға қызы­қ­пай, төл жаз­ба­ла­рын сақтап тұр. Ал, осы елдер­дің жазу­ла­ры кирил­ли­ца­дан әлдеқай­да күр­делі. Соған қара­ма­стан, үнді бағ­дар­ла­ма жаса­у­шы­лар, жапон қар­жы­гер­лер, қытай кәсіп­кер­лер әлем дең­гей­ін­де­гі жетістік­теріне ие болу­да. Оған қоса, кирил­ли­ца есеп­теу тех­ни­ка, Интер­нет пен ұялы бай­ла­ны­сын толы­ғы­мен игер­ді. Сон­ды­қтан, жыл­пос атқа­мі­нер­лер­дің уақыт­ша пай­да­кү­нем­ді­гі­нен бөлек, лати­ни­ца­ға көшу­ге ешбір дәлел­ді себеп­тер жоқ. Айт­пақ­шы, 2005 жылы шыға­ры­лған «Рус­ско-казах­ский словарь»-де оғаш қателі­гі жіберіл­ген. Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы атын­дағы Тіл білі­мі инсти­тут­тың лати­ни­ца­ны жақтай­тын ғалым­сы­мақтар орыс әлі­п­би­ден үш әріп­терін алып таста­ды: «ъ», «ы» мен «ь». Дани­яр НАУРЫЗ».

От редак­ции: На наш элек­трон­ный адрес при­шло пись­мо от чита­те­ля, где он высту­па­ет про­тив пере­хо­да на лати­ни­цу. Сре­ди аргу­мен­тов, кото­рые он при­во­дит — уте­ря мно­го­лет­не­го архи­ва и то, что стар­шее поко­ле­ние может стать без­гра­мот­ным, а чинов­ни­ки зара­бо­тать на этом. Мы при­во­дим его пол­но­стью сохра­нив орфо­гра­фию и сти­ли­сти­ку.